ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАР ЖАҢА ПОЛИЦИЯЛЫҚ «ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫНДА ОҚУДЫ БАСТАДЫ
Тараз қаласының №38 мектебінде «Жас сақшы» сыныбы ашылды.
Салтанатты рәсімге Тараз қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Данияр Азимов қатысып, оқушыларды жаңа оқу кезеңінің басталуымен құттықтады.
Құттықтау сөзінде ол «Жас сақшы» бастамасының жастарды заң талаптарын құрметтеуге, тәртіп пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.
Сынып сабақтары барысында балалар құқық негіздерін меңгеріп, полиция қызметінің ерекшелігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі құқық қорғау органдарының рөлін үйренеді.
Іс-шараға ішкі істер органдарының ардагерлері, мектеп педагогтары және оқушылар қатысты.
Жас сақшылар салтанатты түрде ант беріп, арнайы куәліктерімен марапатталды.
«Жас сақшы» жобасы өскелең ұрпақ арасында құқықтық мәдениетті дамытуға және мектеп пен полиция арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

