TARAZ 24 ONLINE kz

ИНТЕРНЕТТЕГІ ЖАЗБА ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК КӨЗДЕЛГЕН

Әлеуметтік желідегі жазба мен пікір үшін де жауап бересіз. Этносаралық араздықты қоздыруға бағытталған материалдарды жариялау, тарату немесе арандатушылық пікір жазу қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін, – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабында әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыруға бағытталған әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылған. Мұндай әрекеттерге әлеуметтік желідегі жазбалар, бейнематериалдар мен арандатушылық пікірлер де жатуы мүмкін.

Сондықтан бейтаныс адамның арандатушылық видеосына немесе жалған ақпаратқа көз жеткізбей сеніп, оны қайта жариялаудан сақ болған жөн. Сондай-ақ әлеуметтік желіде пікір жазбас бұрын оның мазмұны мен ықтимал салдарын ескерген дұрыс.

Қоғамдағы этносаралық татулық пен тұрақтылықты сақтау әр азаматтың жауапкершілігіне байланысты. Интернеттегі кез келген әрекет заң талаптарына қайшы келмеуі тиіс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *