BASTY BETBILİKJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ҮКІМЕТ РИДДЕР ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢАРТУҒА 1,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының жылу инфрақұрылымын жаңартуға республикалық резервтен шамамен 1,8 млрд теңге бөлді, — деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық порталы.

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған.

Бөлінген қаражат қаладағы жылумен қамту жүйесінің сенімділігін арттыруға және 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарына бағытталады.

Жоба аясында жылу желісінің тозығы жеткен 12 учаскесіне жөндеу жүргізіліп, Риддер ЖЭО-дағы №5 және №6 қазандық агрегаттарына күрделі жөндеу аяқталмақ.

Мамандардың техникалық тексерісі барысында жүйедегі бірқатар ақаулар мен тозу белгілері анықталған. Өткен жылыту маусымында кей учаскелерде ақаулар тіркеліп, инфрақұрылымды жаңарту қажеттілігі расталған.

Жөндеу жұмыстары жылу жүйесінің тұрақтылығын арттырып, қала тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *