BASTY BETJAŃALYQTAR

САПАЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ КӨРСЕТУ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА БАҚЫЛАНЫП ОТЫРЫЛАДЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген 2030 жылға дейінгі мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасында тиімді, ашық, әділ және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік аппарат қалыптастыру міндеті қойылған – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі.

Қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланыс көбінесе мемлекеттік қызметтерді алу кезінде жүзеге асады. Мемлекеттік қызметтер азамат өмірінің барлық кезеңдерін қамтиды: балалық шақтан бастап, әртүрлі өмірлік жағдайларда мемлекетпен өзара әрекеттесу қажеттілігі туындайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау, қызмет алушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қалпына келтіру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері тарапынан жүзеге асырылады. Жамбыл облысы бойынша департамент өңірде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау, қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау және қызмет рәсімдерін жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Облыста мемлекеттік қызметтер 21 орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері, 11 облыстық басқарма, сондай-ақ Тараз қаласы мен 10 ауданның жергілікті атқарушы органдары арқылы ұсынылады. Қызметтер тізіліміне сәйкес, өңірде жалпы 373 қызмет көрсетіледі: 197 орталық мемлекеттік органдарға, 176 жергілікті атқарушы органдарға тиесілі.

2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста жалпы 14 484 695 мемлекеттік қызмет көрсетілген. 2024 жылы бұл көрсеткіш 14 126 970 болған. Қағаз нысанда қызмет көрсету 2025 жылы 262 592 (1,8%), 2024 жылы 359 116 (2,5%) қызметті құраған, яғни көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 0,7%-ға төмендеген. Электронды қызмет көрсету 2025 жылы 14 196 617 (98,01%), 2024 жылы 13 748 042 (97,3%) қызметті құрады, бұл көрсеткіш 0,1%-ға артқан. Тікелей қағаз нысанда 25 486 (0,2%) қызмет көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы көрсетілетін қызмет алушылардың өтініштері, шағымдары, мониторинг пен талдау нәтижелері негізінде бақыланады. 2025 жылы департамент 30 бақылау жүргізді: 14 жоспарлы, 16 жоспардан тыс тексеру. Нәтижесінде 13 067 заң бұзушылық анықталған.

Департамент мемлекеттік органдардың әкімшілік рәсімдеріне тұрақты мониторинг жүргізеді. «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы қызмет көрсету мерзімдері мен бас тарту себептері бақыланып, 5 845 бұзушылық анықталды. 136 қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 238 ұсыныс берілді.

Рұқсат беру құжаттарының мерзімін бұзғаны үшін және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сақтамағаны үшін 11 лауазымды тұлғаға 20 әкімшілік хаттама толтырылып, 1 218 920 теңге айыппұл бюджетке өндірілді. 2024 жылы бұл көрсеткіш 904 540 теңге болған. Әкімшілік хаттамалар қызмет көрсетуші органдардың бірінші басшыларына қолданылды.

Ақпараттандыру жұмыстары тұрақты жүргізіледі. 2025 жылы департамент жергілікті атқарушы органдармен бірге 92 іс-шара өткізді, оның ішінде «Елге қызмет» бағдарламасы бойынша 15 түсірілім, «Ең алдымен адамдар» 10-курс (277 адам), бейнероликтер – 2, «Айтарым бар» радио бағдарламасы – 3, қоғамдық бақылау – 10, семинар – 53.

Ведомствоаралық жұмыс тобы 4 отырыс өткізді, қызмет көрсету сапасын арттыру және ақпараттандыру бойынша 28 ұсыныс енгізілді, барлық ұсыныс толық орындалды. Жергілікті Қоғамдық кеңестердің 23 отырысында 115 ұсыныс қаралып, барлық ұсыныс орындалды.

2025 жылдың қорытындысында 731 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді: жоспарлы тексеруде – 145, жоспардан тыс тексеруде – 19, сұрау салу арқылы – 19, қашықтықтан бақылау арқылы – 547, «EgovKzBot2.0» телеграм-бот арқылы – 1.

Қызмет алушылар құқықтарының бұзылуы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту жағдайында Жамбыл облысы бойынша департаментке хабарласуға болады: Тараз қаласы, Рысбек батыр бұрылысы, 8 «А» мекенжайы, 8 (7262) 43-88-08 телефоны немесе «08.Onay.qyzmet» Telegram-каналы арқылы. Сонымен қатар, өтініштер «E-otinish» платформасы арқылы да қабылданады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *