JAŃALYQTARQOǴAM

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ЖАМБЫЛДЫҚТАРҒА БЕС БАҒЫТТЫ ҰСЫНДЫ

«Ауыл» партиясы 29 қарашада өтетін Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізіммен түседі. Партия өз ұстанымын «Ауылы мықтының – өңірі мықты!» деген ұранмен жеткізіп, сайлаушыларға бес негізгі бағыт ұсынып отыр, – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі.

Алғашқы бағыт ауылды дамытуға арналған. Партия әр ауылда сапалы жол, таза ауызсу, көгілдір отын және заманауи инфрақұрылым болуын көздейді. Екінші бағыт – отандық өнім. Өнім өндіру, өңдеу және өткізудегі күш-жігерді біріктіру үшін тауар өндірушілер кооперациясын дамытуға жәрдемдесетінін мәлімдеді. Партияның пікірінше, сапалы отандық өнім әрбір азаматқа қолжетімді болуы тиіс.

Жастар үшін партия сапалы білім, алғашқы жұмыс орны, жас мамандарға қолдау, қолжетімді баспана және ауыл жастарына цифрлық мүмкіндік ұсынады. Отбасыларға қатысты бағытта сапалы медицина мен әлеуметтік қолдау, жас және көпбалалы отбасыларға қамқорлық, аға буынға құрмет көрсету көзделген. Соңғы бағыт – жер мен су. Партия су мен жер ресурстарын тиімді пайдалануды, су үнемдейтін технологияларды енгізуді, қала мен ауылды көгалдандыруды және қоршаған ортаны қорғауды негізгі міндеттер қатарына қосты.

Партиялық тізімнің кандидаттары арасында сүт өнімдерін шығаратын «Бурное сүт компаниясының» басшысы Свамбай Аринов, №13 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Елдос Далабай, партияның Жамбыл облысы бойынша өңірлік филиалы төрағасының орынбасары Слушаш Курманбекова бар. Сондай-ақ тұрмыстық техника өндіретін «Alima DELUX» компаниясының басшысы Алия Комекбаева, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті спорт кешенінің нұсқаушы-қызметкері Райымбек Мелдебек, «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС бақылаушылар кеңесінің төрағасы Алтай Райкулов және Жамбыл ауданы Жарық тарату мекемесінің басшысы Рабат Сарсенов те тізімде көрсетілген.

Тапсырыс беруші: «“Ауыл” партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша өңірлік филиалы. Төленді: «“Ауыл” партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облысы бойынша өңірлік филиалының сайлау қорының қаражаты есебінен.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *