BASTY BETBILİKJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПӘКІСТАННЫҢ ЕҢ ЖОҒАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Исламабадта өткен ресми салтанатта Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари мен Премьер-министрі Шахбаз Шариф Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы — Nishan-e-Pakistan орденін табыстады, – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі, akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Nishan-e-Pakistan ордені Пәкістанның дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің саяси және қоғам қайраткерлеріне беріледі.

Салтанатты іс-шараға Пәкістан Үкіметінің мүшелері, Парламент депутаттары, Қарулы күштердің жоғары басшылық өкілдері және дипломатиялық корпус қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *