BASTY BETBILİKJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПӘКІСТАНҒА МЕМЛЕКЕТТІК САПАРМЕН БАРДЫ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барды, – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі, akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Пәкістан әуе кеңістігіне кірген сәттен бастап Мемлекет басшысы мінген әуе кемесін елдің Әскери-әуе күштерінің жойғыш ұшақтары қапталдап ұшты.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Исламабад қаласының әуежайында Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шариф ресми түрде қарсы алды.

Сапарға байланысты салтанатты рәсім ұйымдастырылды. Әуежайда Құрмет қарауылы сап түзеп, зеңбіректен 21 рет оқ атылды. Сонымен қатар Қазақстан мен Пәкістанның мемлекеттік туларын ұстаған балалар Президентке қошемет көрсетті.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Кездесулер барысында екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *