BASTY BETBILİKJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары фармацевтика саласындағы бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысудан басталды, деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Президент алдымен «Әмір және Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметіне қанықты. Кәсіпорын медициналық бұйымдар мен дәрілік заттар өндірумен айналысады. Мемлекет басшысына медициналық препараттар мен дайын өнім түрлерін шығаратын негізгі цехтың жұмысы таныстырылды.

Аталған серіктестік әлеуметтік маңызы бар ауруларды диагностикалауға арналған жедел тестілердің бірнеше түрін өндіреді. Бұл өнімдер В және С гепатитін, ВИЧ-инфекциясын, миокард талмасын, сондай-ақ есірткі және психотропты заттарды анықтауға мүмкіндік береді. Кәсіпорын портфелінде медициналық бұйымдардың 200-ден астам атауы бар. Қазіргі таңда мұнда 94 адам еңбек етеді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына «Super-pharm» фармацевтикалық компаниясының қызметі туралы мәлімет берілді. Бұл – еліміздегі медициналық бұйымдар өндіретін жетекші кәсіпорындардың бірі. Зауытта 600-ден астам қызметкер жұмыс істейді.

Компания отандық нарықтағы бір реттік қолдануға арналған медициналық бұйымдарға сұраныстың шамамен 30 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Кәсіпорында түрлі операцияларға арналған хирургиялық және процедуралық жиынтықтар, медициналық бетперделердің барлық түрі, бір реттік қорғаныш киімдері, санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдар өндіріледі. Бұдан бөлек, медициналық шприцтер, инфузионды және қанды қайта құюға арналған жүйелер мен өзге де өнімдер шығарылады.

Президент отандық фармацевтика индустриясын дамыту импортқа тәуелділікті азайтып, ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *