BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Ақордада өткен салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Мемлекет басшысы мұнай-газ кешенінің ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті, деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі, akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, бүгінде салада 200 мыңнан астам азамат еңбек етеді. Олардың табанды еңбегінің арқасында Қазақстан экономикасы тұрақты дамып келеді. Мемлекет басшысы кәсіби мереке қарсаңында мұнай-газ саласында атқарылған жұмыстарды, атап айтқанда, зауыттардың жаңғыртылуын, жаңа жобалардың іске қосылуын және халықты газбен қамту көрсеткішінің өскенін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев салада инвестициялық жобалардың белсенді жүріп жатқанын айтты. Атап өтсек, полиэтилен зауытының құрылысы, «Қаламқас-теңіз» және «Хазар» кен орындарын игеру жобалары жүзеге асырылуда. Бұған қоса, халықаралық серіктестік аясында қазақстандық және шетелдік компаниялардың қатысуымен бірқатар ірі бастамалар қолға алынған.

Президент мұнай-газ кешенінде заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні енгізудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, білімді жас кадрларды тарту, зерттеу орталықтарын дамыту және геологиялық барлау жұмыстарын жандандыру қажеттігін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек адамдарының қоғамдағы рөліне де тоқталды. Оның айтуынша, «еңбек адамы – ел адамы» ұстанымы мемлекеттің дамуының басты тіректерінің бірі болып қала бермек.

Салтанатты жиын барысында бірқатар сала мамандары мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *