BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТКІЗДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономика және бюджетті жоспарлау мәселелері жөніндегі жиын өтті,- деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі  akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Жиынға Премьер-министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов, Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.

Кездесуде ұлттық экономиканың ағымдағы жағдайы мен даму перспективалары қаралды. Сонымен қатар 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттің негізгі параметрлері ұсынылды.

Мемлекет басшысы қаржының республикалық және жергілікті деңгейде тиімді жоспарлануы мен бөлінуінің маңыздылығын атап өтті. Ол бюджет теңгерімділігі, әлеуметтік міндеттемелерді орындау, өңірлердің ұзақмерзімді жоспарларын қаржыландыру және қаражатты мақсатты әрі тиімді пайдалану қажеттігіне назар аударды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *