BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

ПРЕЗИДЕНТ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МЕН ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери-патриоттық тәрбие, әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды,-деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агентігі,мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған заңмен Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Білім туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» заңдарға және өзге де бірқатар нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Түзетулер жеті негізгі бағытты қамтиды:

Бірінші бағыт – азаматтарды әскери-патриоттық тұрғыдан тәрбиелеу жүйесін жетілдіру және осы саладағы жұмысты күшейту.

Екінші бағыт – әскери міндеттілерді даярлау және қайта даярлау деңгейін арттыру.

Үшінші бағыт – әскери есеп жүргізу және әскери қызметке шақыру жүйесін жетілдіру.

Төртінші бағыт – әскери атақтар беру тәртібін оңтайландыру, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жасақтау, сондай-ақ әскери қызметшілердің мәртебесін арттыру.

Бесінші бағыт – мерзімді әскери қызметтің беделін көтеру.

Алтыншы бағыт – жастарды әскери қызметке кешенді даярлауға жағдай жасау.

Жетінші бағыт – мемлекеттік қорғаныс тапсырысын іске асыруды дамыту.

Қабылданған түзетулер еліміздің қорғаныс қабілетін күшейтуге, әскери қызметтің тартымдылығын арттыруға және азаматтарды Отан алдындағы борышына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған.

#Заңжәнетәртіп

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *