JAŃALYQTARQOǴAM

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫ АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ЭКСПРЕСС-ГИСТОЛОГИЯ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығында онкологиялық ауруларды жедел әрі дәл анықтауға мүмкіндік беретін жаңа әдіс – экспресс-гистология қолданысқа енгізілді. Бұл бастаманың авторы – орталық директоры Жандос Сейдахметов, – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі.

Жыл сайын орталықта 800-ден астам ота жасалатынын ескерсек, бұл технология аса маңызды жаңалық  . Бұған дейін гистологиялық талдау нәтижесін күту үшін 2-3 аптаға дейін уақыт қажет болатын – себебі үлгілер Алматы мен Астанаға жіберілетін. Ал науқасты емдеу осы қорытындыға тікелей байланысты еді.

Енді жаңа әдістің арқасында 15–20 минут ішінде алынған тін үлгісі арнайы құрылғыда мұздатылады да, микроскоппен зерттеледі. Бұл хирургтарға операция кезінде нақты шешім қабылдауға, қажет болса ем жүргізу тактикасын дереу өзгертуге мүмкіндік береді.

Экспресс-гистология – хирургия дәлдігін арттырып, ем нәтижелілігін жақсартуға септігін тигізетін озық тәсіл. Осыған байланысты орталық мамандары арнайы дайындықтан өтіп, жаңа әдісті меңгеруге арналған тәжірибе алмасуларға қатысқан.

Алдағы уақытта бұл технология онкологиялық дерттерді ерте анықтап, емдеу тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады деп күтілуде.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *