BASTY BETJAŃALYQTARSport

Д. А. ҚОНАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ЕРКІН КҮРЕСТЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ РЕСМИ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевты еске алуға арналған ересектер арасында еркін күрестен халықаралық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Жақсылықұлы Сәлемов, «Алатау Жарық Компаниясы» Акционерлік Қоғамының басқарма төрағасы, спорт жанашыры Абай Ноғайұлы Асылов, турнирдің бас төрешісі, Халықаралық дәрежедегі UWW төрешісі SAIWAN ALI MOHAMED, грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының бас хатшысы Димаш Рафхатұлы Сұлтанов , Жамбыл облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті, осы жарыстың бас демеушісі Әлімбек Әсембекұлы Жұмабаев, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ернар Таласбекұлы Ибраимов арнайы қатысып бақ сынап жатқан спортшыларға сәттілік тілеп, ізгі тілектерін білдірді.

Аталған жарыс 2007 жылдан республикалық деңгейде ұйымдастырылса, 2012 жылдан бастап халықаралық деңгейде өткізілуде.

Бүгінгі Тараз төріндегі байрақты бәсекеге Америка Құрама Штаттары, Бразилия Федеративті Республикасы, Аустралия Одағы, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Моңғолия, Қырғыз Республикасы, Түркменстан Республикасы және Қазақстан Республикасының еркін күрес шеберлері қатысуда.

Боз кілем  шеберлері  57кг, 61кг, 65кг, 70кг, 74кг, 79кг, 86кг, 92кг, 97кг және 125кг салмақ дәрежелерінде жүлделерді сарапқа салуда.

Айта кетейік, «Altais Group» ЖШС демеушілігімен  жарыста I, II, III орын  алған  спортшылар  арнайы  медаль,  дипломмен  және  ақшалай  сыйлықтармен  марапатталады.

I орын  –  4 000 АҚШ  доллары;

II орын  –  2 000 АҚШ  доллары;

III орын  –  500 АҚШ  доллары;

III орын  –  500 АҚШ  доллары.     

Әр  салмақ  дәрежесі  бойынша  жеңімпаз атанған  спортшының  жаттықтырушысы  – 500 АҚШ доллары ие болмақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *