ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ФАКТІЛЕРІ АЗАЙМАЙ ТҰР
Жамбыл облысында да тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері азаймай тұр. Ал өмірлік қиын жағдайға түскен әйелдер дағдарыс орталығын паналап жүр. «Аманат» партиясының Тараз қалалық мәслихатының кезекті депутаттық фракция отырысы осы тақырыпта өрбіді.
Депутат Нариман Бүлдешұлының сөзінше, облыста тұрмыстық зорлық- зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталықтары аз. Тіпті кейбір жәбірленушілер мұндай орталықтардың бар екенін де білмейді. Нәзік жандылардың суицидке бару себебінің бірі де осы дейді, халық қалаулысы. Сол себепті осындай мекемелердің жарнамасын күшейтіп, онда туындаған мәселерге назар аудару керек дейді.
– Мынау зорлық зомбылық орталығында 6 айға дейін адам ұстауға болады. 6 ай бойы ол жақта мектеп оқитын балалар бар, мектеп оқитын балалар бар. Сол төңіректегі мектептер мен садиктермен меморандумға қол қойып, балаларды қамтамасыз етсек. Болмаса қалалық бюджеттен автобус тауып беруге әрекет жасасақ. Міне. осындай ұсыныстар бар,-дейді Нариман Мәуленов, Қалалық мәслихат депутаты
Қазір дағдарыс орталығы небәрі 27 нәзік жандыны ғана панасына ала алады. Ал онда 25 қызметкер жұмыс істейді екен. Мекеменің тар екендігін алға тартқан депутаттар бұл мәселені де шешу керек дейді. жалпы дағдарыс орталығына көбіне психикалық, экономикалық зорлық-зомбылық көрген әйелдер орналастырылып олармен арнайй мамандар жұмыс істейді. ал жәбір көрсеткен ер адамдармен кім жұмыс істейді? бұл сауалға жауап жоқ.
– Ер адам зорлық-зомбылық жасады дейік, әйелі орталыққа жатып, қайтып кетті. Сол арада ер адаммен қандай жұмыстар жасалуда. Жұмыс істелінді ме жоқпа. Қазақ айтады ғой, шекесіне тимегеннен кейін білмейді деп. Біз жақтан ұсыныс, әйел адам орталықта болғанда, ер адаммен полиция қызметкерлері жұмыс істесе, болмаса арнайы психологқа жүгінсе,- дейді Нариман Мәуленов, Қалалық мәслихат депутаты
Айта кетейік, 2023 жылы 26 желтоқсан айына дейін Тараз қаласы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына психологиялық кеңес беру кабинетінде кеңес алуға келген – 90 әйелге қызмет түрі көрсетілді. Ал сенім телефоны арқылы 264 азаматқа психологиялық кеңестер берілді.