BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ЖЕР СІЛКІНІСІН СЕЗДІҢІЗ БЕ?

Кеше түнде Жамбыл облысында 3 балдық жер сілкінісі тіркелді. Дүмпудің ошағы Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы дейді мамандар. Айта кету керек Алматы облысында да 5 балдық жер сілкінісі халық әбден әбігерге салған. Жалпы осындай төтенше жағдай кезінде халық қандай қауіпсіздік шараларын сақтауы керек?

Байқағанымыздай тұрғындардың басым бөлігі қауісіздік шаралары туралы нақты іс-әркеттерді білмейді. Бұл орайда мамандар жер сілкінісі кезінде ең алдымен үрейге берілмей, сабырлы болуға шақырады. Бірақ жылдам қозғалу керектігін ескеру қажет. Егер сіз көпқабатты тұрғын үйде тұрсаңыз мұндай жағдайда лифтті пайдалануға қатаң тыйым салады. Ал далаға баспалдақ арқылы шығу қажет. Әрі кез-келген сәтке маңызды құдаттар мен бірінші кезекте қажет заттар дайын тұруы тиіс.

– Жер сілкінісі кезінде егер биік ғимараттар да болатын болса міндетті түрде ең қауіпсіз жерлерді таңдаған дұрыс. Ол кіреберіс жерлер, сонымен қатар ванна, туалет сияқты босаға сияқты қауіпсіз жерлер. Ал егер төменгі этаждарда орналасқан ғимараттарда болсаңыздар онда міндетті түрде тез арада сол ғимаратты тастап шығуға әрекет жасау керек,-дейді Руслан Орынбек, ЖО ТЖД басшысының орынбасары

Жалпы жер сілкінісі қаупі төнсе халыққа телерадиоарналар, интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы ақпарат беріледі. Сонымен қатар тегін Darmen қосымшасын жүктеп алуыңызға да болады. Қосымша азаматтарға төтенше жағдай қаупіне қатысты ақпарат 5 секундтта жеткізіледі. Магнитудасы 4 балл және одан жоғары жер сілкінісі кезінде сейсмодатчик іске қосылған кезде хабарламаны смартфонға автоматты түрде жіберіп отырады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *