BASTY BETJAŃALYQTAR

КӘСІПКЕРЛЕР ҚОЛМА-ҚОЛ ЕСЕП АЙЫРЫСУҒА КӨШКЕН

Онлайн аударымдар бақылауда болады дегеннен бастап Таразда кейбір кәсіпкерлер мен саудагерлер қолма-қол есеп айырысуға көшкен. Бұған дейін телефонмен төлем жасап келген тұтынушылар мұндай шектеулерге наразылығын білдіріп жатыр.

Бір күнде төлемді QR немесе мобильді аударым арқылы қабылдамай қалған саудагерлер тауар ақысын қолма-қол төлеуді талап етеді. Тек басқа амал қалмаса ғана онлайн төлемге көнеді дейді, қараша. Ал сатушылар күнкөріс көзі болғандықтан онлайн төлемді қосамыз деп отыр.

Ал кірістер департаментінің мамандары кәсіпкерлер қолма-қол ақша талап етсебірінші рет ескерту жасалады. Ал қайталанса 147 680 теңге айыппұл төлейді дейді.

– Міндетті түрде сату органда қызмет жасап жатқан кәсіпкерлер, басқа да қызмет көрсетіп отқан шаштараз болсын, жанармай құю станциясы болсын, машина жөндеу мекемелері болсын олар міндетті түрде мобильді төлемдерді қабылдау керек. Қазақстан республикасының өзінің төлемдер және төлемдер жүйесі туралы заңы бар міндетті түрде кәсіпкерлер мобильді қосымшалар арқылы берілген төлемдерді қабылдау керек,-дейді Өмірзақ Қоспанов, ЖО мемлекеттік кірістер департаменті байланыс орталығының басқарма басшысы

Сонымен қатар мамандар, биыл көп аударым жасаған адамдардың тізімін банктер салық органдарына жіберетінін айтады. Егер үш айда 100-ден аса аударымнан асса, онда бақылауына ілігеді деген сөз. Тексеріс барысында кәсіпкердің табысын жасырып қалғаны анықталса, кірісінен 3 пайыз салық төлеуі қажет. Бұл бизнес өкіліне жалпыға бірдей декларация тапсыруы кезінде де оң әсер ететінін түсінуі қажет деп отыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *