5 МЛН ТЕҢГЕ НЕСИЕ КІМГЕ БЕРІЛЕДІ?
Бизнес ашқым келеді, бірақ қаражатым жоқ. Иә, бұл жастар арасында кеңінен көтеріліп жүрген мәселе. Ендеше, назар аударыңыз! 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 4 жылға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жастарға жеңілдікпен шағын несие берудің жаңа тетігі енгізілді. Жоба кімдерге тиімді? Несие көлемі қанша? Әріптесім Ардана Жарылқасын тартқатады.
Елімізде несібем артады деп несиеге көмілгендер көп-ақ. Ресми ақпарат бойынша, Қазақстандықтар банктер мен қаржы ұйымдарына 26 трлн теңге қарыз. «Қаражаты жоқтық несиесі барлық тоздырар адам баласын» Иә, бұл қазіргі заманның тіркесіне айналғандай. Тағы да жарнамасы жер жарған жастарға арналған шағын несие. Нақтысы 2,5 пайызбен 5 млн теңгеге дейін 21 мен 35 жас аралығындағы кәсіп бастаушыларға беріледі.
НЕСИЕ АЛУ ШАРТТАРЫ:
21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар ала алады;
Төлем мерзімі – 5 жылға дейін (ауыл шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін)
Несиенің ең жоғары сомасы – 5 миллион теңге
Пайыздық мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды
Кепілдікке үй немесе сол қаржыға сәйкес келетін мүлік қою міндетті
Еске салайық, бұл жоба жайлы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі жолдауында айтқан болатын. Несие «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы беріледі. Ал, республикалық бюджеттен 28 млрд теңге қарастырылған. Демек, 5,7 мыңнан астам жастар жұмыспен қамтылады.
Бауыржан ТӘЖІБАЕВ «АГРАРЛЫҚ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ ЖО ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Негізгі берешек пен Жеңілдік көзделген. Несие мерзімінің ұзақтығанан 3-тен 1 бөлігінен аспайтын мерзімді құрайды.
йта кетейік, несие алушы жеке кәсіпкер болса, тіркелген мерзімі 5 жылдан аспауы керек. Сонымен қатар, 1,5 жылға «демалыс кезең» ұсынылады, яғни, аталған уақытта олар ай сайынғы жарна төлеуден босатылады. Екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жастар үшін бұл тиімді жоба болары анық.Ал қала тұрғындары не дейді?
Шағын және орта бизнес – ел экономикасының драйвері. Микронсеиенің шырмауында қалу немесе шағын бизнес бастап кәсіпті дөңгелету. Таңдау өзіңізде.