БАҒА МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Бүгін аймақ басшысы Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен Жамбыл облысы әкімдігінің аппарат отырысы өтті. Жиында азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары жайлы көз қозғалды.
2023 жылдың қорытындысы бойынша Жамбыл облысында жалпы инфляция 9,2 пайызды құрайды. Оның ішінде азық-түлік инфляциясы – 8,2 пайыз, азық-түлік емес тауарлар – 9,6 пайыз. Ағымдағы жылға келсек, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша инфляция 0,1 пайызды құрап отыр. Мәселен, айранның бағасы маусымаралық кезеңге байланысты көтерілсе, ал тауық жұмыртқасының бағасының өсуі өзіндік құнының қымбаттауы себеп болған. Маусымаралық кезеңде көкөніс өнімдерінің тапшылығын болдырмау мақсатында облыстық тұрақтандыру қорымен форвардтық келісім-шарт негізінде қор құрылды дейді, кәсіпкерлік басқармасының басшысы.