ДЗЮДОДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Бүгін Таразда дзюдодан 2007-2008 жылдары туылған жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті. Аталмыш жарыста Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған жас спортшылар өзара сынға түсті.
Жасөспірімдер арасында өткен турнирге 270-ке жуық спортшы қатысты. Аталған жарысқа Қазақстан Республикасынын өңірлерінен келген құрама командалары қатысты. Турнир облыстағы дзюдоны дамыту, сондай-ақ жасөспірімдер құрама командаларының спорттық шеберлігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған.
– Дайындық өте жақсы. Бұл жарыста чемпион болғым келеді. Дзюдоға қатысқаныма 5 жылдан асты. Менің әкем алып келді бұл спортқа. Бала кезімнен осы спортты жақсы көретінмін. Қатты ұнайды осы спорт. Және алдағы уақытта олимпиадаға дайындалып отырмын,-дейді Диляра Егізбай, қатысушы
Аталмыш жарыста ұлдар 42 келі мен 73 келі арасында бақ сынаса, ал қыздар 40-пен 70 келі арасында өзара сынға түсті. Сондай-ақ турнир соңында I, II, III орын еншілеген спортшылар арнайы медальдар, дипломдармен марапатталды.