BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

«АСАРЛАТЫП ҮЙ САЛУ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Талас ауданы, Қаратау қаласында «Асарлатып үй салу» жобасы жалғасын тауып отыр. Осындай сауапты істің арқасында тағы бір көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлады. Бұл жоба аясында ауданда салынған 5-үй –дейді мамандар.

Асар – ауыз біршілікті нығайтып, халықтың басын қосатын, ежелден келе жатқан игі іс. Осыған орай ауданды биыл 9 тұрғын үй салу жоспарланса, оның 5 еуі аяқталды. Ал Қаратау қаласының жоспарына кірген 3 баспана толығымен бітіп пайдалануға берілді. Қаратау қаласы әкімінің айтуынша бұл бастамаға қолдау көрсеткендердің қарасы қалың болды дейді.

– Қаратау қаласының тұрғындарына, кәсіпкерлеріне, қарияларға, мекеме басшыларына. Одан бөлек нау атап өтейін дегенім ционид заводы бұл уісілерде қомақты үлесін қосты осы асар жобасына. Барлық Қаратау қайрымдылық қоры бар. Барлық осы Қаратау тұрғындарына өз атымнан қала әкімшілігі атынан, аудан әкімі атынан өз ризашылығымды білдіремін,-дейді Дархан Байымбетов, Қаратау қаласының әкімі

Жоба аясында қоныс тойын тойлаған отбасылардың бірі Кекіловтар шаңырағы. 4 ай бұрын қабырғасы ғана болған үй, бүгінгі күнде толығымен аяқталған. Сондай-ақ жөндеу жұмыстарына 3 млн тенгеге жуық қаражат жұмсалған.

– Мынау қалалық әкімгілікпен бірлесіп асар үйді салғанына рахмет мыану отбасымызға үй көтеріп кіріп жатырмыз. Қала әкімі, облыс әкіміне көп рахмет айтамын.6 бала шағам бар бүгін енді үйіме кіріп жатырмын. Өте куаныштымын,-дейді Кенжехан Кекілов, қала тұрғыны

Еске салсақ асарлатып үй салудағы басты мақсат мүмкіндігі шектеулі жандарға, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың үйлі болуына көмек қолын созу. Ауданда бұл жоба алдағы уақыттада жалғасын таппақ дейді жауаптылар

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *