ӨҢІРЛІК ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ
Күні кеше ғана аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев өңірлік инвесторлармен кездесті. Басқосуда облыс әкімі инвестиция тарту өңір экономикасы үшін ең маңызды мәселелердің бірі болып табылатындығын, аймақтың химия өнеркәсібі мен басқа да кәсіптерді дамытуға әлеуеті зор екендігін айтты. Әрі инвесторлардың өзекті мәселелерін тыңдады.
Биыл негізгі капиталға 269 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылған. Мемлекет кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастырып, кәсіпкерлер қоғамға қызмет етсе, бұл өз кезегінде елдің әл-ауқатын арттыруға ықпал ететіндігі сөзсіз. Сондықтан маман тапшылығын мүмкіндігінше шеуге тырсамыз-, дейді Ербол шырақпайұлы.
– Бізде екі университет бар. Біз сіздің білікті мамандарыңыздың көпшілігі дәл біздің аймақтан болатындай етіп ұйымдастыруға тырысамыз. Сондықтан басқа кәсіпорындар қазірдің өзінде бұл бойынша мамандарды дайындап жатыр. Әрине, біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз,-дейді Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі
Сондай-ақ облыс әкімі жергілікті билік инвестициялық жобаларды жан-жақты дамыту бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайтынын жеткізді. Кәсіпорын басшыларының көтерген мәселелерін шешу бойынша жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеп, арнайы іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.