ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚАЖ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен оған қарасты мекемелерде «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті, – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі.
Іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, мекемелер аумағын абаттандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Сенбілік барысында департамент қызметкерлері мен мекеме персоналы аумақтарды қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтірді.
«Таза Қазақстан» акциясы туған жердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға бағытталған. Мұндай шаралар табиғатқа жауапкершілікпен қарауға және тазалық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

