АСАДА АСПАЛЫ КӨПІР САЛЫНЫП ЖАТЫР
Тұрғындар жылдап көтерген мәселе шешімін табуда. Нақтысы Жамбыл ауданы Аса ауылындағы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаяу жүргіншілер үшін аспалы көпір салынып жатыр. Бұға дейін бұл жәйтті 13 мың тұрғыны бар ауылдағы теміржол көшесі тұрғындары жылдап айтып-көтеріп жүрген-ді.
Оқушылар сабаққа, тұрғындар жұмысқа бару үшін міне мен секілді осындай поездердің астынан өтуге мәжбір. Қауіпті әрине. Енді бұл мәселе өз шешімін тауып, бұл жерде аспалы көпір салынуда.
Жалпы құрылыс жұмыстарына 336 млн теңге қаражат бөлінген. Ұзындығы 40 метрді құрайтын аспалы көпір 6 тораптан өтеді. Басты талап қауіпсіздік болғандықтан жаяу жүргіншілермен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарға да ыңғайлы етіп соғылмақ.
– Біздің бастағанымызға 20 күн болды. Жұмыстың қазіргі таңда 10 пайызы аяқталды. Құрылыс басында 10 адам бар. Фундамент құю жұмыстарымен айналысып жатырмыз,-дейді Еркін Шалқаров, «Д&К» құрылыс компаниясының учаске басшысы
Ауданда бұдан өзге биыл 2022 жылдан өтпелі 10 нысанды аяқтау жұмыстарымен 7 нысанда құрылыс қарқынды. Атап өтетін болсақ Қаракемер, Тоғызтарау ауылында әкімшілік ғимараты, Бесағашта спорт кешені соғылып жатса, Қызылқайнар мен Ақбұлымда мәдениет үйі бой көтеруде. Ал аудан орталығында орталық мұражай құрылысы басталды.