ҚОЛӨНЕРШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ
Таразда өңірлік қолөнер шеберлері басқосты. Кездесуде шаһар басшысы осы салада еңбек етіп жүрген азаматтарға қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді. Қала әкімінің айтуынша біздің қолөнершілер шетелдіктерді өздерінің ерекше бұйымдары арқылы тамсандыра алады. Жиынға қатысқан ісмерлер Бақытжан Орынбековке қандай өтініш айтты?
2000 жылдық тарихы бар көне шаһарымыз өткен жылы «дүниежүзілік қолөнершілер қаласы» деген статусқа ие болды. Республика бойынша осындай мәртебесі бар әзірге жалғыз шаһар. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш. әрі қолөнер шеберлері еңбегінің арқасында-, дейді Айдархан Қалиев.
– Тараздың өзінде дәстүрлі қол өнер дәстүрлері де көп. Статусты алғаннан кейін мына 2,5 жыл сайын аккредитация өтіп тұрады. Мынандай статус пен жұмыста көбейеді. Халықаралық деңгейде көбейіп жатыр,-дейді Айдархан Қалиев, «Аспара» модельдік өнер және бизнес колледжінің негізін қалаушы
Басқосуда қала әкімі қолөнер шеберлеріне алғысын білдірді. Олардың еңбегін ерекше бағалады. Бұданда жақсы нәтиже жету үшін, 1 жылдық жоспар құру туралы ұсыныс айтты. Себебі тараздық қолөнершілер қазірдің өзінде алыс жақын шетелдерге шақырту алып отыр.
– Біздің қол өнерімізді басқа, жаңа деңгейде шығарсақ сапасы жағынан болсын. Осы халықаралық көптеген жәрменкелер өтіп жатыр,көптеген фестивальдар өтіп жатыр. Мен айтқан жаңағы алыс шетелдер бар. Біздің салада АҚШ мемлекетінен де фестивальдарға шақыртулар бар,-дейді Бақытжан Орынбеков, Тараз қаласының әкімі
Жиын барысында қолөнершеберлері өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салды. Шаһар басшысы барлық ұсыныс, тілектер назарға алынатындығын баса айтты. Сонымен қатар қолөнершілердің жұмысын үйлестіру үшін арнайы комиссия құрылады деді.