BASTY BETBİLİMJAŃALYQTAR

БҮГІН – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІ!

Бүгін – Қазақстан халқы тілдері күні. Айтулы дата тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген күнімен қатар келеді. Мерекенің 5 қыркүйекке ауыстырылуы ұлт зиялысының еңбегіне жасалған құрметтің бір белгісі. Ана тілімізді асқақтатып, мәдениетімізді дамытуға қосқан үлестерін үшін шаһар басшысы бірқатар этнос өкілдерімен кездесті.

Тіл- ұлттық құжатымыз. Достықтың дәнекері. Сан түрлі ұлттар мен ұлыстардың басын қосқан біздің өңір үшін бұл мерекенің маңызы зор.

– Күннен күнге мемлекеттік тілдің мәртебесі жоғарылап, қолданыс аясы кеңейіп келеді. Бүгінде қазақ тілі-татулығымыздың тірегіне айналғаны бәрімізге мәлім. Сондықтан әрбір азамат мәңгілік еліміздің сарқылмас байлығы қазақ тілін көзінің қарашығындай сақтап, құрметін арттырса, ұлтымыздың болашағы жарқын болады. Тіл мерекесі тағы да баршаңызға құтты болсын. Осында тілдің жанашырлары жиналып отыр. Оның ішінде жастардың жиынға қатысып отқаны өте қуантады,-дейді Бақытжан Орынбеков, Тараз қаласының әкімі

Мерекелік басқосуға келген ең жас қатысушы небәрі 16 жаста. Корей ұлтының өкілі Аяна Ким қазақ тілін де, ұлттық аспабымыз жетігенді де жетік меңгерген. Өзі «қазақ жерінде туып, мемлекеттік тілді білмеу үлкен сын»-,дейді.

– Маған мынадай ой келді. Мен Қазақстанда тұрып жатырмын. Яғни мен қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын мен сыйлауым керек. Жәіне тілін де білуім керек деген. Қазақ тілі өте бай және көркем тіл. Маған қазақ тілі өте ұнайды. Қазақша кітаптарды да көп оқимын. Өзге ұлт өкілдеріне біз барлығымыз Қазақстанда бір шаңырақтың астында тұрып жатқаннан кейін қазақша білуіміз міндетті деп ойлаймын,-дейді Аяна Ким, Корей ұлтының өкілі

Іс-шара соңында шаһар басшысы қонақтарға гүл шоқтарын табыстады. Ұлттық құндылықтарымызды насихаттап жүрген өзге ұлт өкілдеріне алғысын білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *