BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

ЖАЛҒАН КӘСІПКЕРЛІК ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

Соңғы үш жылда елімізде жеке кәсіпкер ретінде тіркелген азаматтар саны 300 пайызға өскен. Себебі, ИП-ны онлайн ашудан оңай нәрсе жоқ. Іс бастаған азаматтар қатары көбейді деп қуануға болады. Бірақ, алданғандардың да саны жетерлік.

Қазір елімізде онлайн сауда қызып тұр. ИП ашып, іс бастағандар да көп. Бірақ, бұл саланы жетік меңгермегендер опық жеп жатыр. Алаяқтар ИП-ны жалға алып, каспи ред, бөліп төлеудің ақшасын қолма-қол шешу арқылы табыс табады. Ал заңды иесі шығынға батады.

– Сіздің шотыңыздан, ИП-дың атанан жасалған іс әрекеттің барлығы соңында сіздің мойныңызға жүктеледі. Бұл үшін сіз өзіңіз жауап беруіңіз керек. Сондықтан, өзіңіздің жеке кәсіпкерлігіңізді, Каспий пэйіңізді, Каспий дүкенін басқа адамның пайдалануына жалға бергенде, оны міндетті түрде бақылап отыру керек. Бірақ ең дұрысы ешкімге бермегеніңіз жөн,-дейді Назира Әбдіраманова, заңгер

Заң бойынша жеке кәсіпкерліктің бір жылдық табысы 69 млн теңгеден аспауы тиіс. Одан көп сомма шықса 10 млн теңгеге жуық айыппұл төлейді. Ал есепші мамандар болса жоғарыда айтылған іс-әрекеттерге заң жүзінде рұқсат жоқ дейді.

– Тұрғындарға айтарым ондай жағдай көп кездеседі. Туыстары, достары келіп ип бере тұршы пайдалана тұрайын деп сұрап алып каспий ред, рассрочка обналичка жасайды. Бұндай жағдайда мүлде бермеген дұрыс. Себебі штраф өте көп келуі мүмкін,-дейді Меруерт Бекетаева, кәсіби есепші

Дәл осындай жағдайға түскен азаматтар алаяқтардың әрекетін әшкере етуі екіталай. Өйткені, кәсіпкерлік сіздің атыңызға тіркелген. Сондықтан, қандай соммадағы айыппұл келсе де заң бойынша төлем жасауыңыз керек! Мамандар кеңесі, осылай табыс табу туралы ұсыныс түссе, берден бас тарту керек!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *