ҰСТАЗДЫҢ БАҒЫ – ШӘКІРТТІҢ ОЗҒАНЫ

Тараз өңірлік университетінен биыл өнер факультеті бойынша 30-ға жуық жас маман түлеп ұшты. Ал бүгін білім ордасында болашақ актерлар мен әншілердің дипломалды қорғау жұмыстары өтті.

  • Жетекшілер 4 жыл бойы берген білімдеріне бүгін куә болды. Болашақ актерлер, әншілер  мен режиссерлердің қойылымдары топ алдында сыналды.

Ықылас КӨБЕЙСІНҰЛЫ   БІЛІМГЕР

Драмалық жанрда жазылған спектакль «Зона». Біз өзіміздің дипломдық жұмысты 3 бала болып, бір тақырыпты қорғап жатырмыз. Біз бұл дайындлыққа 1 ай көлемінде дайындалдық. Актер адам-ол тек қана актер емес, ол-психолог.Ол жан-жақты болуы керек.

Жансая ҚЫРЫҚБАЕВА  БІЛІМГЕР

Жалпы бүгінгі дипломдық жұмысқа 3 апта уақыт кетті.Өмірбаянын зерттеуге осынша уақыт кетті.Өйткені біз 4 жылда алған қоржынымызды паш етуге тырыстық.Көпшіліктің көзқарасында өнер деген-тоймен шектеледі.Бірақ оның түбіне жету 50-60 жылдық нәрсе емес, оған бір адамның ғұмыры кетеді.

  • Жас актерлар ұжымы Абай Құнанбайұлының қара сөздерін дәріптеу мақсатында қойылымын паш етті.

Шолпан АЙТИБАЕВА  АҒА ОҚЫТУШЫ

Бізден бітірген студенттер  театрға да , мәдениет үйлеріне де, мектепке де, эстрадаға да сахнаға кез келген жерге барып, өзінің мамандықтарын дәлелдеп, өздерінің білімдерін дәлелдеп әбден биік шыңдардан көрінуге болады деп ойлаймын. 

/taraz24.kz/

Leave a Reply

Your email address will not be published.