BASTY BETJAŃALYQTAR

ТЕЛЕГРАМ БОТ АРҚЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ШАҒЫМ ЖОЛДАУҒА БОЛАДЫ

2024 жылдың маусым айынан бастап Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бастамасымен мемлекеттік қызметтердің сапасына шағым білдіру және кері байланыс орнату мақсатында арнайы Telegram қосымшасы іске қосылды – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі.

Жаңа платформада азаматтар мемлекеттік қызметтердің сапасына шағым түсіру, қызмет көрсету деңгейін жақсарту және мемлекеттік аппараттағы бюрократиялық кедергілерді азайту жөнінде ұсыныстарын жолдай алады.

Telegram мобильді қосымшасында енгізілген «EgovKzBot2.0» бот-платформасы нақты уақыт режимінде қызмет көрсету сапасына шағым беруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, азаматтар бюрократияны азайту және бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныстарын жіберуге болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ботты әзірлеуші және іске қосушы болып табылды. Платформа қарапайым интерфейсімен ерекшеленіп, арнайы дағдыларды қажет етпейді. Енді мемлекеттік қызметті алу кезінде қиындық туындаса, азаматтар мекеменің деректерін енгізіп, шағым немесе ұсыныс жолдай алады.

Шағымдар негізсіз құжат талап ету, қызмет көрсетуден бас тарту, уақтылы қызмет көрсетпеу және басқа да құқық бұзушылықтар бойынша қабылданады. Барлық өтініштер жауапты тұлғалар тарапынан қарастырылып, кері байланыс арқылы мәселелер қысқа мерзімде шешіледі.

2025 жылдың желтоқсан айындағы деректер бойынша Жамбыл облысы бойынша департаментке «EgovKzBot2.0» платформасы арқылы 64 шағым түсті. Олардың 39-ы шешімін тауып, 25-іне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғауға ерекше назар аударылуда. 2025 жылдың қорытындысында жалпы 731 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді, оның ішінде:

  • Жоспарлы тексеру барысында – 145 қызмет алушы;
  • Жоспардан тыс тексеру арқылы – 19 қызмет алушы;
  • Сұрау салу нәтижесінде – 19 қызмет алушы;
  • Қашықтықтан бақылау арқылы – 547 қызмет алушы;
  • «EgovKzBot2.0» Telegram-боты арқылы – 1 азамат.

Анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті органдарға ұсыныстар енгізілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне негізсіз қызмет көрсетуден бас тартылған немесе құқықтары бұзылған жағдайда өтініш келесі мекенжай бойынша жіберуге болады: Тараз қаласы, Рысбек батыр бұрылысы, 8 «А», тел.: 8 (7262) 43-88-08. Сондай-ақ, өтініштер «EgovKzBot2.0» Telegram-боты және «E-otinish» бірыңғай платформасы арқылы қабылданады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *