JAŃALYQTAR

3000-ҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ИТКЕ ТАЛАНҒАН

Жыл басынан бері өңірде 3000-ға жуық адам  қаңғыбас иттерге таланған. Нақтысы, 2830 тұрғын қарааусыз қалған төрт аяқты жануардан зардап шеккен. Сорақсысы сол, оның 1348-і 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер.

Қалада, жалпы облыста қаңғыбас иттердің қаптауы 3 жылдан бері өзекті мәселеге айналды. Арыз-шағымын арқалаған тұрғындар саны артқанымен, нақты нәтиже болмай тұр. Жауаптылар оған итін қараусыз қалдыратын иелерінің өздері кінәлі деп отыр.

Олжас КӨКЕЙ ЖО ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Айта кетейік, Жамбыл облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларларын бірдейлендіру дерекқорында барлығы 4 млн 750 мың бас жануар тіркелген.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *