AGRO

ЖАМБЫЛДЫҚ ДИҚАНДАР СУ ТАПШЫЛЫҒЫН КӨРУДЕ

Жуырда вегетация кезеңі аяқталып келеді. Ал диқандар айырқалпақты ағайынның көңіліне қарауға мәжбүрміз деп базынасын жеткізуде. Себебі аймақтағы су ресурстарының 80%-ы Қырғызстан арқылы келеді екен. Ал өткен жылы жауын-шашын аз түсуінен су мәселесі Қырғыз елінде де өзекті болған. Жыл аяқталуға таяды, ал өңірде тек қызылша алқаптары ғана суарылуда. Осы орайда БАҚ өкілдерімен «Қазсушар» баспасөз туры өтті. Қандай мәселелер қаузалды?

Мәселені шешу мақсатында баспасөз туры алдымен Жамбыл ауданына барып, жобамен танысты.

«Қазсушар» кооперативі директорының баяндауынша аталған жоба шеңберінде Жамбыл, Қордай және Шу аудандарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жамбыл ауданындағы «Қапал» каналының өзіне 10 техника, 20 жұмысшы тартылған екен. Жоба 51 нысанды күрделі жөндеуге және 15,172 мың ГА суармалы алқаптың деңгейін жақсартуға мүмкіндік бермек. Ал «Қызыл Дихан» өндірістік кооперативі биыл судан тапшылық көрмегенін, тиісінше өнімділік те жоғары болғанын жеткізді.

Нуриддин БЕГМАНОВ «ҚЫЗЫЛ ДИХАН» ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Кооперативтің 2 мың гектарға жуық жерінің 500 гектарын суғарамыз. «Ирригациялық дренаждар жүйесін жетілдіру жобасының 2 фазасы» жобасының арқасында суармалы жеріміз көбейді. Канал бетондалды. Су сарқырап ағып тұр. Енді судан тарықпаймыз деп ойлаймыз. 100 ГА жерді жаңбырлатып суару әдісімен пайдаланып жатырмыз, қалған 100 ГА тамшылату арқылы// Бір сөзбен айтқанда енді жұмыс істеуге, егін егіп, табыс тайқазанын тасытуға ешқандай кедергі жоқ. 

 «Шөлтөбе-агро» өндірістік кооперативінің төрағасы Ахмет Кембаев бұрын да каналдан ауылға дейін су жіберілетінін, дегенмен ауыл каналдың соңында орналасқандықтан егістікке су жетпейтінін жеткізді. Баспасөз туры қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан «Сеңкібай» каналының бойында жалғасты. Мердігер құрылыс жұмыстарына 30 жұмысшы мен 10 техника жұмылдырылған жеткізді, каналдың 3 шақырымы бетондалған екен.

Ал «Аспан агро» өнеркәсіп кооперативінің төрағасы биыл судың мол болғанын, тиісінше қызылша алқабын 2 есеге көп, яғни 5 рет суғарғанын айтты.

Саха МАНАТОВ  БАЙЗАҚ АУДАНЫ «АСПАН АГРО» ӨК ТӨРАҒАСЫ

.Осы кооперативтің ішінде 700 ГА суармалы жер бар, 500 ГА тәлім жер бар, 1000 ГА позвище бар. қазіргі таңда біздің балансымызда Алатау породасынан 200 басқа арналған 1 молочно-товарный ферма бар. одан тыс 1 ГА промышленный теплицамыз бар. 5 ГА интенсивный сад бар. 200 ГА қант қызылшасы егілген. 250 ГА кукуруза егілген //

Баспасөз туры Байзақ ауданында қорытындыланды. БАҚ өкілдері Байзақ пен Талас аудандарының шекарасында салынатын «Ақмола» су қоймасының құрылыс орнына арнайы барды. 2023 жылы «Ақмола» су қоймасының құрылысын бастау жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Қазыбек БЕДЕБАЕВ «ҚАЗСУШАР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МК ЖОФ ДИРЕКТОРЫ

МР-3 каналының жоба бойынша 8,60 шақырымына қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуге тиісті болатын. Қазіргі таңда 8,10 шақырымы жөнделді. Ал МР-4 каналының 6,77 шақырымы плитамен қапталды. Негізі 7,4 шақырымы қалпына келтірілуі керек

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *