ЕЛ ТУЫН ЛОНДОНДА ЖЕЛБІРЕТКЕНДЕР…
Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен халықаралық «TEENEAGLE GLOBAL FINALS» білім сайысына қатысқан өңір оқушылары жүлдемен оралды. Әлемнің 42 елінен 50-ден аса команда қатысқан додада жерлестеріміз ағылшын тілінен өз деңгейі жоғары екенін дәлелдеп қайтты.
Әлемнің түпкір-түпкірінен келген білімді оқушылар бақ сынасқан сайыста оқушыларымыз оза шауып Қазақстан қоржынына 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медальдар салса ,2 оқушы «Құрмет грамоталарымен» марапатталды.
Таза ағылшын тілінде өткен сайыста балалар орфография, эссе, нанымды сөйлеу және ашық тест тапсыру бағыттары бойынша сынға түскен еді. Бүгін жеңімпказдарымызды Қазақстан Республикасындағы Британдық баспалардың ресми өкілдері болып табылатын холдин пен “Көкжиек-Горизонт” баспа үйінің және облыстық білім басқармасы арнайы келіп, құттықтады.
Медет ӘБДІҚАЛЫҚОВ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Қонақтар жүлдегер 6 оқушыға кітаптар ұсынды, әрі алтынмен оралған Ихсанға ақшалай сыйлық табыстады.
Ихсан ІЛЕСОВ ЖЕҢІМПАЗ
Аталмыш байқауда біздің елден тек бір ғана команда қатысқан көрінеді.