ЖИЫН-ТЕРІН ҚЫЗҒАН ШАҚ
Ауыл шаруашылығы басқармасы аймақта егін ору накуқаны аяқталуға жақын қалғанын сүйіншілеп отыр. Жалпы облыста биыл 371 мың гектарға дәнді дақыл себілді. Оның 157 гектары бидай, қалғаны арпа. Қазіргі таңда аталған алқаптарда жоспарланған өнімнің 90-нан астам пайызы ораққа іліккен. Әулиеатадағы шаруалардың жәй-күйін Назерке Аяз айтып берсін.
«Мұрат» шаруақожалығы ала жаздай еткен еңбектерін жинауға кіріскен. Оған ауа-райы да қарайласып тұр. 1998 жылы іргесін қаланған қожалық күздік арпа мен бидайды жинап, сыйымдылығы мың тонна болатын қоймаға басуда.
Есенқұл ДҮТБАЕВ «МҰРАТ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Бұрынғы совхоздың ескі қоймасы бар 54 жылы құрылған, соны қолдандық//…25 жылдай қолдандық, сонау 98 жылдан бері. Ескі қойманың кішкентай болғанына байланысты көп көліктер, машиналар кіре алмайтын, жаңасын салдық. Бұл енді біраз жылға шыдайтын шығар деп отырмыз// 200ГА күздік бидай, 200 ГА арпа, 600-700 ГА масақ, 300 ГА жоңышқа, малымыз бар енді.
Жалпы облыс бойынша шаруалар әр гектардан 18,7 центнерден өнім алуда. Жауын-шашын түспей, 620 мың тонна астықты қамбаға құйып үлгерген. Жауаптылардың есебінше, бұл өнім жамбылдықтарды толық қамтамасыз етуге жеткілікті көрінеді.
Шәкір МОМЫНҚҰЛОВ ЖО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
391 мың ГА масақты, 73 мың ГА астамы майлы дақылдар, 44 мың ГА көкөніс, 11,6 мың ГА картоп, 17 мың ГА бақша дақылдары, 215 мың ГА астамы мал азықтарына тиесілі. Бүгінгі таңда масақты дәнді-дақылдарды жинау жұмыстары аяқталып келеді, осы 99,7% жиналып отыр.
Айта кетейік, биыл өткен жылмен салыстырғанда егіс алқабы 5,4 мың гектарға ұлғайған. Бекітілген жоспарды әзірге, Байзақ, Жамбыл, Тұрар Рысқұлов, Мойынқұм Сарысу және Талас пен Шу ауданы жүз пайызға орындаған. Сонымен қатар аймақта 63 мың тонна пішендеме дайындалды.