BILİKJAŃALYQTAR

«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА СОТТАЛҒАНДАРҒА КІТАПТАР СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қайырымдылық акциясы өтті. Бастама барысында жазасын өтеп жатқан азаматтарға рухани-танымдық кітаптар табысталды, – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі.

Іс-шараға Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының қызметкерлері қатысып, мекеме кітапханасының қорын толықтыруға үлес қосты. Олар сотталғандарға түрлі кітаптарды сыйға тартты.

Акцияның басты мақсаты – жазасын өтеушілер арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, олардың білімге құштарлығын арттырып, рухани дүниесін байыту. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кітап адамның ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, өмірге деген көзқарасын өзгертуге де ықпал етеді.

Мұндай бастамалардың түпкі мәні – сотталғандардың қоғамға қайта бейімделуіне жол ашу, тұлғалық дамуына қолдау көрсету. Өйткені кітап оқу арқылы адам өзіне жаңа бағыт таңдап, болашаққа деген сенімін нығайта алады.

Сонымен қатар акция мекеме мен Руханият және тарихтану орталығы арасындағы рухани-мәдени байланысты бекемдеуге мүмкіндік берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *