BASTY BETBİLİMJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

САРЫСУДА 60 ПӘТЕРЛІ ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Сарысу ауданында халықты баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасып келеді. Осы орайда Жаңатас қаласында жаңа көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне тапсырылды, — деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық порталы.

15 мамыр – Отбасы күні қарсаңында 6 шағынауданда орналасқан 60 пәтерлі №11/3 тұрғын үйдің ашылу салтанаты өтті. Жаңа баспаналар әлеуметтік жағынан осал топқа жататын азаматтарға арналған.

Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов тұрғындарды мерекемен құттықтап, қоныс той иелеріне ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар жаңа пәтер кілттері салтанатты түрде табысталды.

Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесі мен қоғамдық кеңес мүшелері мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдаудың маңызын атап өтті. Ал баспаналы болған тұрғындар өз ризашылықтарын білдіріп, ел игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Айта кетейік, құрылыс жұмыстарын «БурМонтаж» ЖШС жүргізген. Жоба 2025 жылы басталып, қысқа уақыт ішінде толық аяқталған.

Бүгінде Сарысу ауданында тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылымды жаңарту және әлеуметтік нысандар салу бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Мұндай бастамалар халықтың тұрмыс сапасын жақсартып қана қоймай, ауданның даму қарқынын да арттыра түсуде.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *