BASTY BETBILİKJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

Түркістанда Түркі өркениеті орталығының іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшылары қатысып, жаңа нысанның қазығын қақты, — деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық порталы.

Жаңа кешен түркі халықтарының бай тарихы мен рухани мұрасын дәріптеуге бағытталған. Жоба аясында түркі дүниесінің терең тамыры, мемлекеттілік дәстүрі мен ортақ мәдени құндылықтары кеңінен насихатталмақ. Сонымен қатар мұнда тарихи мұраны ғылыми тұрғыда зерттеуге, мәдени туризмді дамытуға және халықаралық байланысты нығайтуға басымдық беріледі.

Орталықтың сәулеттік келбеті де айрықша мәнге ие. Кешен құрылымында түркі дүниетанымындағы Тәңір, Ергенеқон, Көкбөрі, Жерұйық, Ұлы дала мен Өмір ағашы секілді киелі ұғымдар көрініс табады. Экспозициялық аймақтар бірнеше тақырыпқа бөлініп, келушілерге түркі өркениетінің тарихын жан-жақты таныстыру көзделген.

Сондай-ақ орталықта заманауи технологиялар кеңінен қолданылмақ. Келушілер тарихи кезеңдерді тереңірек сезіну үшін виртуалды және толықтырылған шынайылық, голография, жасанды интеллект, арнайы дыбыс пен жарық жүйелері пайдаланылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *