BASTY BETBILİKJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2026» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

«Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсының аудандық (қалалық) кезеңіне өтінім қабылдау 15 мамыр мен 15 маусым аралығында жүргізіледі, — деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық порталы.

Байқаудың ұйымдастырушысы – аудан және қала әкімдіктері. Қатысуға ниет білдірген отбасылар конкурс жарияланған күннен бастап бір ай ішінде аудандық (қалалық) комиссияға қажетті құжаттарын қағаз немесе электронды форматта тапсыруы тиіс.

Өтінімге ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке куәліктері мен балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. Сондай-ақ асырап алушы отбасылар үшін кәмелетке толмаған балаға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы уәкілетті орган шешімінен үзінді қажет.

Бұдан бөлек, неке қию туралы куәліктің көшірмесі, ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда тиісті куәлік, балалардың тәрбиесі мен жетістіктерін растайтын марапат құжаттары да ұсынылады.

Конкурсқа қатысу барысында кемінде екі ұсыным хат және отбасы мүшелерінің еңбек, спорт, шығармашылық, ғылыми және зияткерлік жетістіктерін растайтын құжаттар талап етіледі. Сонымен қатар қоғамдық пайдалы істерге, яғни волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық немесе тәлімгерлік қызметке қатысқанын дәлелдейтін құжаттар болса, олар да қоса берілуі тиіс.

Толық ақпаратты аудан және қала әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімдерінен немесе ресми сайттарынан алуға болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *