ТОҚАЕВ ҰҚШҰ БАС ХАТШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады, — деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық порталы.
Кездесу барысында Таалатбек Масадыков Мемлекет басшысына ҰҚШҰ Бас хатшысы ретіндегі алдағы жұмыс жоспарын таныстырды. Сондай-ақ ұйым қызметінің негізгі бағыттары, соның ішінде тұрақты жұмыс органдарының міндеттері талқыланды.
Мемлекет басшысы ұйымды одан әрі дамытуға қатысты бірқатар ұсыныстарын ортаға салып, Қазақстан тарапы ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін жеткізді.

