BASTY BETBILİKJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕКТІҢ МАҢЫЗЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 РМ мекемесінде сотталған азаматтардың психологиялық көмек алу құқығын қамтамасыз етуге бағытталған «Психологиялық көмекке жүгінудің маңыздылығы» атты іс-шара өтті, — деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық порталы.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің жұмыс жоспары аясында ұйымдастырылған жиында мекеме психологтары мен Тараз қаласындағы М.Х. Дулати атындағы университетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Алпысбай Ләйла Алпысбайқызы дәріс оқып, қатысушылармен арнайы тренингтер өткізді.

Кездесу барысында психологиялық қолдаудың адам өміріндегі орны, мамандардың көмегіне жүгінуге қатысты қалыптасқан жаңсақ пікірлерден арылу, сондай-ақ эмоциялық саулықты сақтау мәселелері кеңінен сөз болды. Мамандар психологиялық көмектің маңызын түсіндіріп, түрлі жаттығулар арқылы қатысушыларға пайдалы кеңестер берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *