BASTY BETJAŃALYQTARАймақ

ЕКІ ТЕМЕКІ КОНТРАБАНДАСЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

Мемлекеттік шекарада заңсыз тауар айналымына қарсы күрес аясында Жамбыл облысында тағы екі темекі контрабандасының жолы кесілді,-деп хабарлайды «Taraz24news.kz»  ақпарат агентігі облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Мамандардың мәліметінше, құқық қорғау органдарымен бірлескен іс-шаралар нәтижесінде 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында облыс аумағында темекі өнімдерін заңсыз өткізуге қатысты 11 факті тіркелген. Нәтижесінде 1 492 439 қаптама темекі тәркіленген.

Кезекті контрабанда әрекеті 16 шілде күні сағат 20:40-та «Қасық» шекара бөлімшесінде анықталды. ҚР ҰҚК Шекара қызметі мен Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген тексеру кезінде әртүрлі маркалы, соның ішінде Oris темекі өнімінен тұратын 7 830 қаптама тәркіленді.

Екінші жағдай 19 шілдеде түнгі сағат 01:30 шамасында «Қарасай батыр» шекара бөлімшесінде тіркелді. Бұл жолы тағы 5 000 қаптама Oris маркалы темекіні заңсыз әкелу әрекеті әшкереленді.

Алдын ала есепке сәйкес, тәркіленген өнімге тиесілі акциздік салық көлемі 1 590 000 теңгені құрайды.

Аталған фактілер бойынша материалдар Қордай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *