САЙЛАУ ПРОЦЕСІН ДАЯРЛАУ МЕН ӨТКІЗУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Таразда Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы БАҚ өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында сайлау процесін даярлау мен өткізу барысы талқыланды — деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі.
Семинар-тренинг форматында өткен жиынға түрлі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шара аясында сайлау алдындағы дайындық жұмыстары мен сайлаушыларды ақпараттандырудың маңызы сөз болды.
Облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы БАҚ-тың сайлау процесіндегі ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етудегі рөлін ерекше атап өтті. Сайлаудың жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеттерінің бірі — халық арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізу.
Сайлаудың жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеттерінің бірі халық арасында ауқымды ақпараттық түсіндіру науқанын жүргізу. Науқаныд жариялау және бастау қашанда барлық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру жұмыстары мен жалпы тәсілдерді әзірлеудің қажеттілігі туындайды — деді облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанболат Нұрмолдаұлы.