BASTY BETJAŃALYQTARQOǴAMЭкономика

ТАРАЗДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Таразда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүзеге асырылып келеді. Былтыр 44 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылып, 142 нысан құрылысы жүргізілген. Басым бөлігі – көпқабатты үйлер, – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі.

«AMANAT» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы мен «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Партияның бақылау комиссиясының мәліметінше, былтыр шаһар аумағында көпқабатты үйлерге басымдық берілген. Атап айтқанда, «Әулие-Ата» шағын ауданында 22 тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалып, бүгінде құрылыс жұмыстары басталған. Ал Асқаров көшесінің соңында салынып жатқан 16 көпқабатты үйдің 12-сі пайдалануға беріліп, 4 үйдің құрылысы жалғасуда.

«Әулие-Ата», «Ұлы Дала», Асқаров көшесінің соңындағы шағын аудандарда тұрғын үй құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, әлеуметтік осал топтарға сатып алынатын пәтерлер бойынша 2024 жылға 669 пәтер сатып алу жоспарланған. Республикалық бюджет есебінен 162 пәтер сатып алуға 2,1 млрд теңге бөлінген, – деді «AMANAT» партиясы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Бахат Әлмұратов.

Тұрғын үймен қатар инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселесі де басты назарда. Өткен жылы 70 нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда Асқаров көшесінің соңындағы жаңа тұрғын алқапқа толық инфрақұрылым жеткізіліп жатыр. Сонымен қатар бірнеше мектеп пен әлеуметтік нысандарға инженерлік желілер тартылуда.

Аталған алқапқа электр, су, газ жүйелерін, қиыршық тас жол құрылыстарын салу, сондай-ақ Асқаров көшесінің соңындағы иесіз жануарларға арналған уақытша ұстау пунктінің құрылысын салуға қаражат бөлінген. Достық үйі ғимаратының жылумен жабдықтау жүйесін қайта құру жұмыстары жүргізілген, – деді «AMANAT» партиясы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Бахат Әлмұратов.

Айта кетейік, құрылыс және тұрғын үй салаларында заңбұзушылықтар да тіркелген. Тексеру комиссиясы Тараз қаласы құрылыс бөлімінде 19,6 млрд теңгеден астам қаржылық бұзушылықтарды анықтаған. Мамандардың сөзінше, қаражаттың бір бөлігі тиімсіз жұмсалған. Қазір жауапты тұлғаларға нұсқамалар берілген.

Автор: Қанат Күзберген

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *