BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Шалқар Болатұлы Амантұров Жамбыл облысының цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Шалқар Болатұлы 1982 жылы дүниеге келген. Ол жоғары білімді: Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжін «Есептеу техникасы мен автоматтық жүйелерге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету», Алматы экономика және статистика институтын «Қаржы және несие», Қазақ инженерлік-техникалық академиясын «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Шымкент қаласында ҚР Қаржы министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінде бастады. Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінде, «Транстелеком» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ және басқа да ұйымдарда жауапты қызметтер атқарды. 2022 жылдың қараша айынан бастап «Аграрлық сектордағы экономикалық саясаттың талдау орталығы» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *