BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

ҚАЗАҚСТАНДА 33 ЖЫЛДА 11 ПРЕМЬЕР-МИНИСТР

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері Үкімет басшысын 11 рет ауыстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2022 жылы 11 қаңтарда Әлихан Смайылов Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалған болатын. Осылайша ол тәуелсіз Қазақстан тарихындағы 11-ші премьер-министр болды. Смайылов 2 жылдан аса уақыт Үкіметті басқарып, 2024 жылы 5 ақпанда отставкаға кетті.

Тәуелсіздіктен бері елімізде кімдер премьер-министр болды.

Тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы премьер-министрі Сергей Терещенко болды. Терещенко 1991-1994 жылдар аралығында Үкіметті басқарды. Ол былтыр 10 ақпанда 72 жасқа таяғанында дүниеден өтті.

Әкежан Қажыгелдин 1994 жылдың қазан айынан бастап 1997 жылдың қазанына дейін ҚР Премьер-министрі болды.

Үкіметті Нұрлан Балғымбаев 1997-1999 жылдар аралығында басқарды. Ол еліміздің үшінші Премьер-министрі болды. Ол 2015 жылы 14 қазанда қайтыс болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті екі рет (1999-2002 ж) басқарған. 2019 жылғы 20 наурыздан бері Қазақстанның Президенті.

Иманғали Тасмағамбетов 2002 жылдан 2003 жылға дейін Үкіметті бір жылдай басқарды. Қазір Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының бас хатшысы.

Одан кейін үкімет басшысы ретінде Даниял Ахметов келді. Ол еліміздің алтыншы Үкімет басшысы атанды. Сөйтіп Ахметов 2003-2007 жылдар аралығында Министрлер кабинетін басқарды. Кейін ол ШҚО әкімі болды. Былтыр ол қызметінен босатылды.

Кәрім Мәсімов те үкімет басшысы қызметін екі рет атқарған. Дәлірек айтқанда, 2007-2012 және 2014-2016 жылдар аралығында. Кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды. 2022 жылы Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталып, сотталды.

Серік Ахметов Үкіметті 2012-2014 жылдар аралығында басқарды. Ахметов те сотты болды.

Бақытжан Сағынтаев Үкіметте 2016-2019 жылдар аралығында премьер-министр ретінде қызмет атқарды. Ол биыл 1 ақпаннан бастап жаңа қызметке тағайындалды. Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы атанды.

Асқар Мамин Үкіметте 2019-2022 жылдар аралығында Премьер-министр болды. Қазір ол мемлекеттік қызметте емес.

Әлихан Смайылов Үкіметке 2022 жылы 10 қаңтарда келді. Смайылов бұған дейін вице-премьер болды. 5 ақпанда ол отставкаға кетті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *