ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ДӘРІГЕРЛЕР ҚҰТҚАРҒАН НӘРЕСТЕЛЕР КӨБЕЙЕДІ

Жамбыл облыстық көпбейінді аурухананың Перинаталдық орталығында автоматты гипотермияның аппараттық кешені пайда болды. Ол облыстың неонатолог дәрігерлеріне бұрынғыдан да көп жаңа туған нәресте өмірін құтқаруға көмектеседі. Автоматты гипотермия баланың денесін біртіндеп салқындатуға, одан кейін оның ағзасындағы алмасу процестерін қалыпқа келтіруге көмектеседі. Ол бала орта және ауыр асфиксиямен (тыныс алудың бұзылуы және организмде оттегінің жетіспеуі) туған кезде қолданылады. Жаңа туған нәрестені туғаннан кейінгі бірінші сағатта біртіндеп салқындатылуы оның метаболизмін өзгертеді және мидың өмірлік маңызды функцияларын сақтайды. Құрал-жабдықтарды «Өмір сыйлайық» жобасы аясында Halyk Bank демеушілік қолдауымен AYALA қайырымдылық қоры сатып алды.

«Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылының 15 жылы ішінде біздің қор отандық дәрігерлерге жаңа туған балалар өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектесіп келеді. Біз оны бірнеше бағытта жасаймыз. Тегін курстарда дәрігерлердің біліктілігін арттыруға көмектесеміз. Реанимацияны заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету үшін демеушілер табамыз. ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен үнемі диалогтамыз, мемлекетімізге көмектесу және қайырымдылық көмектің барынша тиімділігін қамтамасыз ету үшін біліктілігі жоғары дәрігерлерден кері байланыс аламыз. Күн сайын Қазақстан бойынша реанимацияда жүздеген баланың өмірін сақтап қалуға көмектесетін «Өмір сыйлайық» жобасына қолдау көрсеткені үшін Halyk Bank басшылығына зор алғысымды білдіремін», – деп атап өтті AYALA қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.

Leave a Reply

Your email address will not be published.