JAŃALYQTAR

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Өткен сенбіде Орталық алаңда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылған еді. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтары өздеріне қажетті тауарларды 15-20 пайызғ төмен бағада алып кетті.

Жәрмеңкеде облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласы және тұрақтандыру қорының өнімдері төмендетілген  бағамен ұсынылды. Жалпы құны 101,3 млн. теңгені құрайтын 169,2 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары сатылды. Оның ішінде күнделікті қажетті 18,2 тонна ет, 3,5 тонна шұжық, 6,4 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 4,0 тонна макарон және де 0,4 тонна тұз, 4,6 тонна балық, 2,0 тонна ұн, 2,6 тонна бал және 127,0 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері болды.  Таң азанмен халықтың қарасы көп болды. Тұтынушылардың басым бөлігі ет, бал және сүт өнімдерін алса, жеміс пен көкөністі артығымен алып келіп жатты. Дәл осы іс-шара аясында палаудың түр-түрі де арзан бағада сатылды.

Бақытжан ОРЫНБЕКОВ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *