ҰСТАЗДАРДЫҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. Осынау бір мамандық иелеріне лайықты құрмет көрсету мақсатында жыл сайын елімізде «Ұстаздар күні» қазан айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді. Кәсіби мереке №38 орта мектепте аталып өтті.
Мұғалімге көрсетілетін құрмет пен ізет ешқашан толастаған емес. Мұғалім – қасиетті ұғым. Ұстаз – киелі тұлға. Себебі, ұлы ғалым да, тілінен бал тамған ақын да, әкім де, министр де, бәрі-бәрі ұстаздан білім алып, тәлім көрген.
Салтанатты шарада биылғы жылы кәсіби жетістіктерімен көзге түскен ұстаздар құрмет грамотасымен марапатталды.
Сонымен қатар, ұстаздардың төл мерекесі «Қарттар күнімен» тұспа-тұс келгендіктен алтын қазыналарымыз – ардагер ұстаздарға гүл шоқтары мен сыйлықтар ұсынылды.
Мереке қарсаңында білім әлеміне алғаш қадам басып отырған жас мамандар көпшілікке өз өнерлерін көрсетіп таңғалдырды. Ал, оқушылардың жетістікке жетуі әрине ұстаздың бағыт-бағдар беруінде.
Кәусар МЕДЕРҚҰЛ «QAZAQSTAN ДАУЫСЫ. БАЛАЛАР» ЖОБАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ
Ақниет ҚАНАТҚЫЗЫ ОҚУШЫ
Құрметті ұстаздар, мереклеріңізбен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық огтбасыларыңызға амандық тілеймін!
Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Айта кетейік, аталған білім беру мекемесі мұғалімдері үнемі білім, ақпарат, яғни қатаң бәсеке жағдайына сай болып, еңбек етуде.
Гүлбахира БЕРДІМБЕТОВА №38 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ