BİLİMJAŃALYQTAR

«ЖАҢАТАС ХАЛҚЫН 40 МЫҢҒА ЖЕТКІЗЕМІЗ»

Жамбыл облысында мақтауын асырмаса да ел жақсы білетін 3 моноқала бар, бірі-Жаңатас. Күні кешеге дейін мүлде болашағы жоқ деген қала әупірімдеп болса да қайта жаңарып келеді. Ендігі алдағы мақсат қандай? Межелі 2030 жылға дейін тұрғын санын 40 мыңға жеткізе ала ма? Тілші материалында.

1964 жылы құрылған Жаңатас алғашында әлеуетті қала еді. Айтсам сенбессіз, сонау 89 жылдары жаңатастықтар саны 54 мың болған. Кейін 2012 жылы 21 мыңға дейін күрт төмендеген еді… Оған себеп – жұмыссыздық. Ал енді аудан әкімі бүгінгі 24 мыңға жуық тұрғын санын 2030 жылға дейін 40 мыңға жеткізбек ниетте.

Су мәселесі Жаңатас жұртын мазаламайды. Себебі, 92 пайыз тіршілік көзінен тұрғындар тарықпайды. Ал газ мәселесіне келсек, биыл да әдеттегідей отын-көмірін әзірлеуі керек…

Сарысуда 8 елді мекенде газ жүйесі тартылуда. Ал нақ Жаңатастың ең үлкен Әулиета көшесінде жұмыс жыл соңына дейін аяқталмақ. Қаладағы «көгілдір отын жайы 2024 жылы толық шешіледі»,- деп күтілуде. Аяққа тұсау болған ақша жыры шешілсе келер 2023 жылы-ақ көптің қуанышына кенелуге болар еді. Тек 2,6 млрд қаражат керек…

Аймақ басшысы айтып отырған модернизациялау жайы. Үйлеріне жөндеу жұмыстарын жасатқан тұрғындардың тек 70 пайызы ақысын төлеген.

Нұржан НҰРЖІГІТОВ   ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Сондықтан барлығы басқармаларға байланысты. Сіздер, басқармалар осы 3 қала бойынша жәрдемші құралсыздар. Жәрдем берулеріңіз керек. Осы 3 қаланы қалай дамытамыз? Оны айтып жатқаным бір-біріңмен кері байланыс болу мәседесі. 

Басшылар баяндаған бар бағдарма іске асса моноқалалар мәселесі бір-ақ сәтте шешімін  табады. Енді әр апта сайын облыс басшысы істің ілгерілеуін  бақыауында ұстайды, әрі есебін тыңдайы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *