BASTY BETBILİKJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАУ НАЗАРДА

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңға сәйкес мемлекеттік қызмет жүйесі қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік тұрғыда қорғалу қағидатына негізделеді. Бұл ретте мемлекеттік қызметшілердің еңбек етуіне, денсаулығын сақтауға, қауіпсіз әрі тиімді жұмыс істеуге қажетті жағдайлардың жасалуы және әлеуметтік-құқықтық қорғалуы заңмен кепілденген. Осы бағыттағы жұмыстар Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің негізгі басымдықтарының бірі саналады, — деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық порталы.

Аталған департамент азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау және оларды қалпына келтіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысына сәйкес қабылданған бақылау шаралары нәтижесінде 8 адамның құқығы қорғалды. Оның ішінде 5-і мемлекеттік қызметші болса, 3-і жеке тұлға.

Еңбек заңнамасына сай, артық жұмысқа тартылған қызметкерлерге қосымша тынығу уақыты берілуі қарастырылған. Осы бағытта жүргізілген мониторинг барысында бір мемлекеттік қызметшіге 2 сағаттан астам қосымша демалыс уақыты берілді.

Сонымен қатар, «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы қашықтан жүргізілген бақылау нәтижесінде 112 мемлекеттік қызметшіге жалпы 256 сағаттан астам қосымша демалыс уақыты беріліп, олардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Жолданымдарды қарау барысында тағы 3 азаматтың құқықтары қорғалды. Заң бұзушылықтарға жол берген 3 лауазымды тұлғаға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, жалпы сомасы 97 312 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бұдан бөлек, департаменттің ұсыныстары негізінде өткізілген конкурстардың нәтижелері жарамсыз деп танылып, шағымданушылардың құқықтары қалпына келтірілді.

Еңбек демалысы мен іссапар шығындарын уақытылы төлемеу жағдайларына байланысты жүргізілген талдау да өз нәтижесін берді. Соның негізінде 60 мемлекеттік қызметшіге тиісті өсімпұлдар төленді. Оның ішінде 5 қызметкерге еңбек демалысы бойынша, 55 қызметкерге іссапар шығындары бойынша өтемақы беріліп, жалпы сома 91 776 теңгені құрады (еңбек демалысы — 13 092 теңге, іссапар — 78 684 теңге).

Сондай-ақ, тәртіптік комиссиялардың жұмысына жасалған талдау нәтижесінде бір мемлекеттік қызметшіге қатысты бұрын салынған тәртіптік жаза жойылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *