BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

15 НАУРЫЗДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗІЛЕДІ

Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Құжат мәтіні Ақорда сайтында жарияланды – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі, akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарлық Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 10) тармақшасына және «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 18-бабына сәйкес қабылданған.

Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізіледі.

Референдумға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы шығарылады. Дауыс беруге «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал ұсынылады.

Жарлық пен Конституция жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялануға тиіс.

Референдумды ұйымдастыру және өткізу Орталық сайлау комиссиясына жүктеледі. Сонымен қатар аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары тиісті функцияларды атқарады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Орталық сайлау комиссиясымен және өзге де орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, референдумды ұйымдастыру бойынша қажетті шараларды қабылдауы тиіс.

Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті – Қасым-Жомарт Тоқаев.
Астана, Ақорда. 2026 жылғы 11 ақпан. №1170.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *