BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық стандарттау ұйымының (ISO) Бас хатшысы Серхио Мухиканы қабылдады, деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі, Akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Президент мейманға ілтипат білдіріп, Халықаралық стандарттау ұйымының жаһандық сауда, инновация және орнықты дамудың маңызды тетігі екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ISO-мен цифрлық трансформация, орнықты даму және цифрландыру салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға зор әлеуеті бар екенін айтты.

Өз кезегінде Серхио Мухика ұлттық стандарттау жүйесін жетілдіру және цифрлық технологияларды дамыту бағытындағы Қазақстанның бастамаларын жоғары бағалады. Сондай-ақ еліміздің халықаралық стандарттарды енгізу мен ұйым жұмысына белсенді қатысуға дайын екенін жеткізді.

Кездесу соңында тараптар табысты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және бірлескен жұмыстың жаңа бағыттарын дамытуға ниет білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *